Хабар телеарнасы

БҚО-да 14 бас торпақ отқа оранды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алғабас ауданында 150 бума шөп пен 14 бас торпақ отқа оранды. Жергілікті тұрғынның қора-қопсысы жанып жатқаны жөнінде шұғыл шақырту өрт сөндіру бөліміне таңғы 4:45-те түсіпті.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жалпы ауданы 450 шаршы метрге жеткен өртті сағат 11-лер шамасында ғана толық өшірген. Аудан әкімдігі зардап шеккен отбасына біржолғы материалдық көмек берілетінін, сондай-ақ мал шығынын өтеу жолдары ойластырылатынын айтады.  Қазір тергеушілер өрттің шығу себебін анықтап жатыр. 

Әлішер Рафих, БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің аға анықтаушысы: 

- Мамандар оқиға орнына барып, өрт себебін анықтау бойынша жұмыстар жүргізді. Нәтижесін күтеміз алдағы уақытта. Алдын ала деректерге сәйкес өрттің болжамды себебі белгісіз тұлғалардың қасақана өрт қоюы болуы мүмкін.