Хабар телеарнасы

Қостанайда жедел жәрдем қызметкерін науқастың туыстары соққыға жықты

Қостанайда науқастың шақыртуына барған жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды.

Оқиға түнгі сағат 11 шамасында болған.  Медицналық бригада хабар түсісімен 4 минуттың ішінде айтылған мекенжайға жеткен. Демікпе, жүректен қысылған зейнеткерге шұғыл көмек көрсетілді. Жарты сағат реаниамациялық іс-шара жасалды. Алайда науқасты аман алып қалу мүмкін болмады, - дейді жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Давид Саркисян. Ал ашуға мінген марқұмның жақындары жедел жәрдем фельдшеріне тарпа бас салып, шашынан жұлып, ұрып соққан. Араша түскен әріптестеріне де қол жұмсаған. Ақырында 24 жастағы медицина қызметкері миы шайқалып, іш, бет жарақатын алып, ауруханаға түсті. Полиция ұрып-соғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қостанайда осы жылы жедел жәрдем қызметкерлеріне екі рет шабуыл жасалған.

Давид Саркисян, облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің міндетін атқарушы:

- 2025 жылдан бастап барлық жедел жәрдем бригадаларын дыбыс, және бейне жетондармен жабдықтаймыз. Барған жерінде барлық іс-әрекеттер таспаға жазылады. Бұл шиеленісті жағдайдың шемімін табуға септігін тигізеді. Және шақырушы адамдардың да, медициналық қызметкерлердің де тәртібіне жақсы әсер етеді деп ойлаймын.