Қ. Тоқаев Лаос Президенті Тхонглун Сисулитке құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулитті және оның отандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Лаос елінің мемлекет іргесін нығайту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізгенін атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты қарым-қатынастар алдағы уақытта да дами беретініне сенім білдірді.