Қазақстан мен Вьетнам екіжақты стратегиялық ынтымақтастығын нығайтуға мүдделі.
Бұл туралы Парламент Сенатының төрағасы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламмен кездесуінде айтылды.
Мәулен Әшімбаев өз сөзінде мейманды аталған елдегі маңызды мейрам – Бірігу күнінің 50 жылдығымен құттықтады.
Сенат Спикері парламентаралық деңгейде өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың маңызды екенін айтты. Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту бойынша пікір алысты. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, логистика, ақпараттық технологиялар және басқа да бағыттарда өзара іс-қимылды жандандыру барысы сөз болды.