Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде орын алған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Еске сала кетсек, Ауған елінің шығысындағы Пәкістанмен шектесетін Құнар провинциясында магнитудасы 6 баллдық жойқын жер сілкінісінен 800-ден астам адам көз жұмып, 3 мыңдайы жарақат алған еді.