Премьер-министр Мәскеуде Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуіне қатысты. Жиында сауда-экономикалық іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстанның ұйымға мүше мемлекеттермен тауар айналымы өткен жылдың өзінде 67 млрд доллардан асқан. Ал шағын құрамдағы отырыста Олжас Бектенов өз әріптестерімен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастық, қаржы секторы, көлік және логистика, су ресурстары, экология және тағы да басқа салаларға қатысты мәселелер талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды.