АҚШ Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа жөніндегі бейбітшілік кеңесіне шақырды. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. Оның сөзінше елімізге аталған халықаралық бірлестіктің құрылтайшы мемлекеттерінің бірі болу мәртебесі ұсынылған. Президент өз кезегінде АҚШ басшысына жауап хат жолдап, көрсетілген сенім үшін алғыс білдіріп, жаңа бастамаға қатысуға дайын екенін жеткізген.
Руслан Желдібай, ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы:
-Президент Дональд Трамптан Мемлекет басшысының атына ресми шақыру келіп түсті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыста бейбітшілікке қол жеткізуге, мемлекетаралық сенім мен жаһандық тұрақтылықты бекітуге үлес қосуға ниетті екенін растады.