Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

  • 587
  • 13.04.2026, 11:04

Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.