Шымкентте «Ауыл» партиясының өкілдері елдегі ең ірі жылыжай кешеніне барды. Еңбеккерлермен кездесуде агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және отандық өндірісті күшейту мәселелері сөз болды. Жыл бойы өнім өндіруді қамту үшін заманауи технологияларды енгізіп, шаруаларды қолдау тетіктерін жетілдіру қажеттігі айтылды. «Бұл ішкі нарықты отандық өніммен қамтып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді»,- дейді. Басқосуда жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау мәселелері көтерілді.
Талғат Айтбаев, «Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат:
-Қалыптасып жатқан мекеме болған соң өздеріне жараса проблемалары бар екен. Оны тікелей жасырмастан айтты. Қала маштабында да көтеріліп, шешу мәселесі қарастырылып жатқан проблема. Ең басты нәрсесі - энергия көзі.