Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысы құрылады

  • 1
  • 06.11.2026, 18:02

Қазақстан Халық кеңесінің Жастар қозғалысы құрылады.

Бұл туралы Кеңес Төрағасы Ерлан Қошанов Петропавл қаласындағы кездесуде мәлімдеді. Жаңа қозғалыстың құрамына барлық аймақтан 126 жас қосылады. Осылайша Кеңестің әр мүшесі өзінің жас серіктесімен «кері тәлімгерлік» қағидаты бойынша байланыс орната алады. Ортақ жұмыс арқылы жастарды қолдау, олардың кәсіби білім алуына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу көзделген.

Республикалық жастар лагерінде өткен жиында Президенттік реформалардың маңызы мен жас буынның мемлекеттік жобаларға белсене қатысу мәселелері талқыланды. Халық Кеңесінің мүшелері өңірдегі қоғам өкілдерімен кездесті. Аймақтың ғылыми-білім беру инфрақұрылымы мен Тайынша қаласындағы жаңа IT-орталықтың жұмысымен танысты.

Ерлан Қошанов, Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы:

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында біздің Конституцияны бірнеше ұрпақ арасындағы келісім деп атады. Бұл сөздің мәні терең: әр ұрпақтың өз дәуірі бар. Өз міндеті бар. Келер ұрпаққа қалдырар аманаты бар. Біздің алдымызда да үлкен міндет тұр. Қуатты, Әділетті Қазақстан құру. Келер ұрпаққа іргесі берік, болашағы баянды ел қалдыру. Өйткені елдің ең асыл байлығы – білімді ұрпақ, биік рухты, парасатты азамат.