Халықаралық келісім: Мәжіліс үш хаттаманы ратификациялады
Енді электрондық құжаттар жүйесін енгізуге міндетті. Мәжіліс көлік паспортына қатысты заң жобасын мақұлдады. Депутаттар бұдан бөлек тағы екі құжатты ратификациялады. Олардың бірі – АҚШ-пен арада екі жақтың дипломаттарына консулдық жеңілдіктер мен иммунитет беріп, мемлекеттік баж салығынан босату мүмкіндіктерін қарастыратын келісім. Өзбекстанмен арада орнаған келісім бойынша еңбек мигранттарының құқы қорғалады.
Отырыс соңында, әдеттегідей депутаттық сауалдар жолданды. Депутат Жәмила Нұрманбетова елімізде қажетті жатақхананың 57% ғана салынғанын мысалға келтірді. «Бұл – Елбасының тапсырмасы. Үкімет жеке инвесторларды тарту жұмысын белсенді түрде қолға алуы қажет», – деді депутат.
Жәмила Нұрманбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 2019 жылы Елбасы тапсырмасы толық орындалмады, бар болғаны тек 25% ғана жүзеге асырылған. Өткен жылдың қазанында бюджетті нақтылау кезінде игерілуі тиіс қаражаттың 77% қазынаға қайтарылды. 1 қазанда тек 1 957 орынға ғана жатақхана тұрғызылды. Бұл мәліметтер Елбасы тапсырмасының бірінші кезеңі дұрыс орындалмағанын көрсетеді. 2019 жылдың соңында 2 190 студент орын тапшылығынан жатақханаға орналаса алмай қалды.