Елбасы жастарға үндеу жасады
«Жаңа өскін – жас ұрпаққа айтарым: тәуелсіздік жылдары дүниеге келген сендер келер жылы орда бұзар отызға толасыңдар. Еліміздегі ең қуатты күш – өздеріңсіңдер. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, енді сендердің де күш-қайрат жұмсайтын кездерің келді» делінген мақалада.
Сондай-ақ Елбасы жастарды амандықтан, жат әдеттен сақтанып, игі істер жасауға ұмтылуға шақырды.
«Үлкенге ізетті, кішіге қамқор, бір-біріңе дос болыңдар. «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген Абай аталарыңның өсиетін ешқашан естен шығармаңдар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.