12 тамыз – Халықаралық жастар күні
Елордада Қазақстандағы жастар ұйымдары және Еуропа кеңесінің өкілдері бас қосты. Жиналған жастар ынтымақтастықты арттыру мақсатында бірқатар тың идеясын ортаға салды. Айтуларынша, жастарға ортақ мәселе көп. Белсенділердің бірі қазақ жастарына Еуропа елдерінде мұражайларға кіру және қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі берілсе деген ұсынысын айтты.
Валихан Бахретдинов, Еуропа кеңесінің Жастар істері жөніндегі еуропалық басқарушы комитетінің бюро мүшесі:
- Қазір әлемдік жастардың да, Қазақстан жастарының да, Еуропа жастарының да ортақ мәселесі көп. Оған қоса климаттың өзгеруі, жастардың көп этникалық қоғамда тұруы, жастардың мүмкіндіктері, жалпы жастардың ХХІ ғасырдағы рөлі талқыланып жатыр. Қазақстан тарапынан үкімкеттік емес ұйымдар, жастар ұйымдары қатысып отыр.