2022 жылы елдегі мұнай өндірісі 12 млн тоннаға артуы мүмкін
Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтып берді. Сондай ақ ол Президентке 2025 жылға дейін мұнайгазхимия саласында жалпы көлемі 15 млрд АҚШ доллары болатын жобалардың жүзеге асатынын хабарлады. Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, жыл басынан бері қуаты 432 МВттық жаңартылатын қуат көздерінің 15 нысаны іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы 260 МВт жаңартылатын қуат көздерінің нысандары пайдалануға берілмек. Министрдің айтуынша, 1 қыркүйектен бастап саланы цифрландыру бағдарламасы аясында қазба байлықтарды пайдалану құқығы жөніндегі аукциондар электронды форматта өтеді. Бұл конкурстың ашық өтуіне мүмкіндік береді әрі кәсіпкердің шығынын азайтады.