Бақытжан Сағынтаев Президентке Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады
Сондай-ақ карантиннен кейін белең алған жұмыссыздықты реттеу жайында айтып берді. Шаһар басшысы: «Көмекке мұқтаж, жағдайы төмен отбасылар басты назарда», – дейді. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдаудағы міндеттемелерді бұлжытпай орындауды тапсырды және пандемия кезінде тұралап қалған шағын және орта кәсіпкерлікті алға сүйреу керек екенін айтты.