Мемлекет басшысы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қабылдады
Министр өз баяндамасында ведомствоның құзырына кіретін міндеттерді белгілеу, әскери бөлімшелерді ауыстыру жұмысы туралы айтып берді. Соңғы сегіз айдағы төтенше апаттарға тиесілі статистикаға да тоқталды. Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев қыс айларында болуы мүмкін апаттардың алдын алуды тапсырды. «Әсіресе жылыту маусымы мен қарлы бұрқасынға дайындықты пысықтау керек», – деді. Көктемгі тасқынның алдын алуға қатысты да бірқатар тапсырма берді.