Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Маминнің қатысуымен өткен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның селекторлық отырысында белгілі болды. Жиынға қатысқан министрлер мен жауапты қызметкерлер кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бағыттары бойынша есеп берді. Одан бөлек, сүт және ет өндірісі, туристік және инновациялық кластерлерді кеңейту, кедендік және салық жүйелерін интеграциялау, мемлекеттік басқару, білім беру және денсаулық сақтау жүйелерін жетілдіру, мемлекеттік органдар мен өңірлер әкімдіктері жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту мәселелері сөз болды. Талқыға түскен тақырыптарды мұқият тыңдаған Асқар Мамин ұлт жоспарын толық әрі сапалы жүзеге асыруды жалғастыру керектігін айтты.