Қ.Тоқаев Қорғаныс министрін қабылдады
Министр қазақстандық армияның шұғыл әрекеттерге дайындығы мен Алматы облысында өтіп жатқан бітімгершілік оқу-жаттығу жиыны жөнінде есеп берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство басшысына Қазақстан армиясын радиациялық және химиялық қорғанысқа қажетті заманауи құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге тапсырма берді. «Әскери-техникалық авиация мен инженерлік әскерді күшейту керек», – деді.
Сондай-ақ әскерлеріміздің қысқы маусымға дайындығын пысықтап, әскери ынтымақтастықты дамытуға қатысты да айтты.