Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрді қабылдады
Сондықтан Үкімет белгілеген жоспардан ауытқымауы тиіс. Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдаған Президент осылай деп ескертті. Үкімет басшысының айтуынша, індеттің жаңа толқынына дайындық қызу. Коронавирусты анықтайтын ПТР тестілеудің саны артып, тәулігіне 66 мыңға жеткен. Тест сынамаларының құны төмендетілді. 13 аймақтың онында модульдік жұқпалы ауруханалардың құрылысы аяқталған. Қалған үш нысан алдағы айдың соңына дейін пайдалануға беріледі. 91 түрлі дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры жасақталды. Дәріханалардың бөлшек сауда жүйесінде сұранысқа ие 33-тен астам препарат қоры құрылып жатыр. Премьер-Министр Мемлекет басшысына кәсіпкерлерді қолдау, шетелден инвестиция тарту, жұмыспен қамту барысында қабылданған шаралар туралы баяндады. Президенттің пікірінше, карантинді күшейту жөніндегі қатаң шараларды кәсіпкерлердің мүдделерін және жалпы еліміздің экономикалық дамуын ескере отырып қабылдаған жөн.