Хабар телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Д.Қыдырәліні қабылдады

Хәкім Абай мен Ұлы ғұлама әл-Фарабидің мерейтойы аясында аталған ұжым халықаралық онлайн жиындар мен конференциялардың өтуіне мұрындық болды. Сондай-ақ тұлғалардың шығармалары өзге тілге аударылды және Алтын Орданың 750 жылдығына арналған кітаптар да жарық көрді.

Кездесуде Мемлекет басшысы «Егемен Қазақстан» газетін заманауи талаптарға сай шығарып, Халықаралық Түркі Академиясының жұмысын одан әрі ілгерілете беруді тапсырды.