Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік делегациямен кездесті
Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Алексей Оверчук бастаған бір топ делегация «Астана» халықаралық қаржы орталығына арнайы келді. Олар Қазақстан Президентіне өздерінің цифрландыру саласындағы кешенді жоспары жайлы баяндап, заманауи экожүйені пайдалану тәжірибесімен бөлісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Үкіметінің басшыларымен және ресейлік делегация өкілдерімен – экожүйелерді технологиялық тұрғыдан дамыту, мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бойынша пікір алмасты. Кездесу соңында Мемлекет басшысының қатысуымен екі тарап цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.