Нұрсұлтан Назарбаев Юрий Пяны қабылдады
Кездесу барысында Юрий Пя заманауи медициналық білім беруді дамыту жөнінде атқарылып жатқан жұмысты баяндады. Сондай-ақ ғылыми-зерттеу бағыт пен денсаулық сақтау саласындағы ахуал да талқыланды. Өз сөзінде Елбасы қазір медицина қызметкеріне жүктеліп отырған жауапкершілік жүгі ауыр екенін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Сіз University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз.