«Ауыл» партиясы әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандартын енгізуді ұсынды
«Ауыл» партиясының Маңғыстаудағы өкілдері Үкіметке осындай ұсыныс жолдамақ. Әлеуметтік саладағы маңызды мәселелерді партия мүшелері өңірдегі көп балалы аналар мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесе талқылады. Дөңгелек үстелге қатысушылар мемлекеттік органдарға баланы туғаннан бастап 18 жасқа толғанға дейін әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандарын енгізуді ұсынды.
Жиында сондай-ақ еліміздегі баласы бар отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету түбегейлі өзгерістерді талап ететіндігі айтылды.
Аллаберген Қонарбаев, «Ауыл» ХДП партиясы Маңғыстау филиалының үйлестірушісі:
– 18 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік қолдаудың бірыңғай стандартын анықтау керек және зерттеуді талап ету керек. Бұл қазір қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі. Өйткені әлеуметтік теңсіздіктер пайда болуы мүмкін. Бай мен кедейдің балалары деген ұғым пайда болуы мүмкін. Осыны жою үшін біз партия тұжырымдамасына өзіміздің ұсыныс, пікірлерімізді білдіріп отырмыз.