Хабар телеарнасы

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп түсті

Ақ жарма ақ тілегін арнағандардың қатарында Өзбекстан Республикасының Президенті де бар. Шавкат Мирзиёев Елбасыға ел игілігі жолындағы қызметіне мол табыс және Қазақстан халқына тыныштық, бақ-береке мен орнықты даму тіледі.

Ал Америка Құрама Штаттарының 66-шы Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс өз құттықтауында Қазақстанның дамуындағы Елбасының рөлін ерекше атап өтті. Ядролық қарудан бас тарту және ғажап елорданы салу ісіне аса мән бергеніне тоқталды.

Бұған қоса, Түркия Республикасының бұрынғы Президенті Абдулла Гүл, Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Тони Блэр, БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы, Жасыл дамудың жаһандық институтының төрағасы Пан Ги Мун, Эстония, Италия, Испания мемлекеттерінің бұрынғы басшыларынан, халықаралық ұйымдардан құтықтау хаттары келген.