08:15Эфирде: «Ауылдастар 2» телехикаясы
10:00Әрі қарай: «Tańǵy fresh»
+7 (7172) 757 540
astananews@khabar.kz

«Штрихи к портрету» фильмінде Елбасының бұған дейін бұқараға бәймәлім болған қырлары көрсетіледі

  • Категория: Саясат
«Штрихи к портрету» фильмінде Елбасының бұған дейін бұқараға бәймәлім болған қырлары көрсетіледі

Ел басқарған танымал тұлғалардың да жеке басында трагедиялар болады.

Олардың өмірінде де аяқтан шалатындар, сатқындық жасайтындар бар. Бірақ басты орында елдік мүдде тұрғандықтан, жеке басқа қатысты мұндай мәселелер көп жағдайда кадрдан тыс қалып жатады.

«Хабар» арнасының журналисі Айгүл Әділова Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан эксклюзивті сұхбат алды. Осы сұхбаттың негізінде түсірілген «Штрихи к портрету» фильмінде аймақтық соғыстар мен одан төнетін қауіп-қатерлер, Қазақстанның алғашқы миллиардерлері мен үлкен саясаттың сыртындағы біз білмейтін әңгімелер қамтылады.

Көпшілік Елбасының тұлғасын телеэкран арқылы таниды. Әрине, көбіне ресми форматта. Бірақ ел басқарған тұлғалар да сіз бен біз секілді адам. Қарапайым жандардың басынан өткеретін жағдайлар оларда да кездеседі. Фильмнің ерекшелігі де сонда.

Айгүл Әділова, фильм авторы:

– Бұл өте үлкен жұмыс. Біз мұнда бұрын қойылмаған сұрақтарды қойдық. Фильмнің бірінші сериясында Елбасының жеке өмірі жайлы айтылады. Бұған дейін оны ешқашан, еш жерде айтпаған.

Фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың Баспасөз қызметі мен Елбасы қорының қолдауымен дайындалды. Бұған дейін түсірілген «Президентпен бес кеш» деректі фильмдер циклінің жалғасы болып саналады.

Айдос Үкібай, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз хатшысы:

– «Штрихи к портрету» фильмінде Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жеке құпиялары, басынан кешкен оқиғалары жайлы айтты. Бұрын ешкімге айтпаған ойларымен бөлісті. Фильмді дайындау кезінде біз саясаттан, экономикалық процестерден және халықаралық тақырыптардан ауытқып, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке тұлғалық қасиеттеріне көбірек көңіл бөлуге тырыстық.

Көп сериялы фильмнің бірінші бөлімінде Ұлт көшбасшысының тағдыры жайлы толық баяндалған. Болашақ Мемлекет басшысы тарихи шешімдерді қалай қабылдады? Анасының қандай сөзі оның болашағына тікелей әсер етті? Нұрсұлтан Назарбаевтың қандай өкініші бар? Бұл сұрақтардың жауабы бүгін сағат 21:40-та «Хабар» телеарнасында көрсетілетін Айгүл Әділованың авторлық фильмінде айтылатын болады.

Авторлары: Шынар Асанқызы, Нұрлан Малгелдинов, Айдос Ентебеков

Сондай-ақ...