Ұлттық мүддеге басымдық берілуі керек
Мұндай ұсынысты «Ақжол» партиясының төрағасы көтеріп отыр. Азат Перуашевтың айтуынша, шикізат өндіретін кәсіпорындардың барлығы дерлігі тауарлардың 90 процентін сырттан алдырады. Сондықтан халықаралық келіссөздер жүргізілгенде ең алдымен ұлттық мүдде ескерілуі керек. «Әсіресе індет салдарынан кәсіпкерлер қиын жағдайға тап болған кезеңде бұл мәселе өзекті болып тұр», – дейді депутат.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
– Адал осы барша талаптарға сай келетін тауарларды қолдамасақ, сол талаптарға сай келмейтін тауарларды рыногымыздан шығармасақ, ертең біз адал істейтін кәсіпкерлерді де, осындай алаяқтыққа өз қолымызбен итермелеген боламыз. Біз сонда қандай кәсіпкерлерді дамытайық деп жатырмыз. Не адал істейтін, таза істейтін немесе алаяқтарды қолдай береміз бе?