Туды ғимараттар мен балкондарға ілуге рұқсат берілді
Үкімет Басшысы тиісті құжатқа қол қойды. Демек бұрынғыдай айыппұл салынбайды. Көк байрақты патриоттық сезімді білдіру мақсатында пайдалануға болады.
Биыл қазан айында қоғам белсенділері мен депутаттар Мемлекеттік рәміздерді қолдану ережелерін қайта қарау туралы бастама көтерген еді. Бұл ұсынысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қолдап, Заңға тиісті өзгерістер енгізуді тапсырған болатын.