Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру бойынша өткен халықаралық онлайн шараға қатысты
Бұл дегеніңіз әлемдегі ең ауқымды саналатын Қытайдың нарығын басып озатын тағы бір экономика пайда болады деген сөз.
Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі халықаралық конференцияға қатысып, сөз сөйледі. Президенттің айтуынша, 2025 жылға дейін жер шарында ақылды жүйеге негізделген 40 миллиардтай жасанды құрылғы іске қосылатын болдады. Бұл құрылғылар сенімді көмекшінің қызметін атқарады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жасанды интеллект дәуірінде өмір сүріп жатқандықтан, Қазақстанның да бұл жаңалықтан айналып өтпейтінін айтты. Қазіргі кезде біздің ел экономика, қауіпсіздік, медицина саласындағы жасанды интеллекттің үлесін арттыру мақсатында жұмыс істеп жатыр.