Хабар телеарнасы

ОСК «Adal» және «Ақ жол» партияларының кандидаттарын тіркеді

Оның негізгілері — Қазақстан Республикасының азаматы болу, ел аумағында соңғы 10 жыл бойы тұру және жас мөлшерінің 25-тен асуы.

Айта кетейік, «Adal» саяси партиясының тізімінде – 16, «Ақ жол» ұсынған тізімде 38 адам бар.

Жиынның күн тәртібінде қаралған келесі сұрақ – сайлау процесіне қатысушы сенімді өкілдер, байқаушы мен журналистердің өкілеттіктерін іске асыру мәселелері. Орталық өкілдері олардың әрқайсысының құқықтарына жеке тоқталды. Бұл науқан кезінде түсініспеушіліктерге жол бермеу үшін маңызды.

Серік Сыдықов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Орталық сайлау комиссиясының негізгі міндеті сайлау туралы заңнаманың біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан түсіндірме ретінде қаулы қабылдадық. Олардың мүмкіндіктері мен құқықтарына кеңінен тоқталып, жауап бердік деп ойлаймын.