Петропавлда Сенат депутаттығына сайлау өтті
Бұған дейін СҚО атынан сайланған Гүлмира Кәрімованың қайтыс болуына байланысты жергілікті мәслихат депутаттары өз таңдауларын жасады. Бүгінде өңірде түрлі деңгейдегі мәслихаттарда 193 депутат бар. Оның 180 саяси науқанға қатысты. Ал доданың өту барысын бұқаралық ақпарат құралдары мен үміткерлердің сенімді өкілдері қадағалап отырды. Аймақта сайлауалды дайындық шаралары, үгіт-насихат жүмыстары заң талаптарына сай өтті. Осылайша Сенаты депутаты болып Әсем Рахметова сайланды. Ол 134 дауыс иемденді.
Сағындық Рахымжан, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Сайлау датасы белгіленгеннен кейін біздің облысымызда ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына 7 кандидат ұсынылды. Ол 7 кандидаттың біреуі тіркеуге дейін өз кандидатурасын қайтарып алды. Бір кандидат Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмеді. Тағы бір кандидат тіркеуге қажетті құжаттарын барлық көлемде ұсынған жоқ. Жалпы 4 кандидат тіркелді. 4 кандидаттың екеуі осы сайлаудың алдында өз кандидатурарын өз еріктерімен алып тастады.