Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сума Чакрабартимен кездесті
Тараптар коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыс жағдайында елді экономикалық тұрғыда дамыту мәселелерін талқылады. Қалыптасқан ахуал оңай емес. Экономиканың 3-4% төмендейтіні мәлім. «Сондықтан Сізбен пікір алмасуды жөн көрдім», – деді Елбасы кеңес төрағасының орынбасарына. Сума Чакрабарти әлемдік экономиканың қайта қалпына келуіне қатысты көзқарасын жеткізді. Сонымен қатар тәуелсіз ел құру жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Весь мир находится в непростом положении. Прогнозируется существенное падение экономики на 3-4%. Я хотел бы обменяться с Вами мнением относительно обстановки в мире.
Сума Чакрабарти, Реформалар жөніндегі Жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары:
- Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті қызметін атқарған кезімде бірлесіп атқарған шаруаларды әрқашан еске аламын. Қазақстанмен қоян-қолтық жұмыс істедік. Серіктестеріміздің алғашқы бестігінде болдыңыздар. Сіздің тікелей бақылауыңызбен осы байланыс өз нәтижесін берді. Сіз тәуелсіз елдің де қалыптасуына көп еңбек сіңірдіңіз.