Елбасы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Үкімет өткен жылы әлеуметтік-экономикалық және эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін бірқатар шараны қабылдағаны белгілі. Кездесуде Елбасыға сол туралы толық ақпар берілді. Премьер-Министрдің айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестиция 17% өскен. Фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау және құрылыс салаларында да өсім байқалады. Индустрияландыру картасы аясында елде 19 мыңға жуық жұмыс орны құрылған.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Басқа мемлекеттермен, біз сияқты өсіп келе жатқан мемлекеттермен салыстырғанда деңгейіміз жоғары болды. Оның ішінде бұрынғы жасаған жұмыстарымыздың пайдасын көрдік. Индустриялардың пайдасын көрдік. Өңдейтін, машина жасайтын, жеңіл өнеркәсіп, фармацевтика ауыл шарушылығының барлығындағы өсу экономиканың өсуіне септігін тигізеді. Қиыншылыққа қарамай Үкіметіміз біраз жұмыс істеді деп санауға болады. Осының бәрі өте жақсы көрсеткіштер. Жұмыссыздық 5% төңірегінде. Әсіресе, құрылыс жақсылап өсті. Индустриализация бағдарламасын әрі қарай жүргізе беруіміз керек.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
- Өткен жылмен салыстырған экономиканың нақты салаларында өсім көрсетілді. Бұрын болмаған көрсеткіш 15 млн шаршы метр қолдануға берілген. Өткен жылмен салыстырғанда 14% өскен. Экономикамыз тұрақты дамып жатыр. Қызмет көрсету секторы біртіндеп қалпына келуде.