Сайлау-2021: Азат Перуашев, Серік Сұлтанғали дауыс берді
Парламент Мәжілісі мен әртүрлі деңгейдегі мәслихаттар депутаттығын сайлауға «Ақ жол» партиясының өкілдері де қатысты. Саяси ұйым басшысы елордадағы №122 сайлау учаскесінде болып, дауыс берді. Артынша тілшілермен тілдесіп, саяси науқанның мәні-маңызына тоқталды. Айта кетейік, «Ақ жол» демократиялық партиясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына 38, ал барлық өңірдегі мәслихаттар депутаттығына 703 адам үміткер ретінде тіркелді.
«Адал» партиясының атынан Парламент Мәжілісі пен мәслихат депутаттығына ұсынылып отырған үміткерлер де дауыс беріп жатыр. Партия Төрағасы Серік Сұлтанғали №115 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Айта кетейік, «Адал» партиясының атынан Мәжіліске 16 үміткер ұсынылып отыр. Ал мәслихат депутаттығынан партияның 532 өкілі үмітті.