Nur Otan партиясынан Мәжіліс депутаттығына өткендер тізімі белгілі болды
Төменгі палатадағы Nur Otan партиясы фракциясының құрамы 70 процентке өзгерді. Депутаттардың орташа жасы – 49-да. Жаңа құрамның 40 проценті әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады. Тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары. 40 кандидат Саяси кеңес бюросының квотасы бойынша бекітілген. Депутаттыққа кандидаттардың 7-еуі ғана – бұрынғы мемлекеттік қызметкер, яғни фракция құрамында олардың саны 10 проценттен аспайды.