«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы қаулыға қол қойды», – деп хабарлайды «Ақорда». Жиын 15 қаңтарда, яғни ертең таңертеңгі сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Мемлекет басшысы Мәжілістің жаңа құрамына үндеу жасайтынын бұған дейін де айтқан болатын.