Мемлекеттік қызметкерлердің саны 15% қысқарады
Ведомство басшысы 2020 жылы атқарған жұмыстар туралы есеп берді. Оның айтуынша, былтыр Агенттіктің штаты 10% қысқарған, биылғы ақпан айының соңына дейін тағы 15% оңтайландырылады. Кездесу барысында Президент мемлекеттік қызметті жетілдіре түсу қажеттігі туралы атап өтіп, агенттік төрағасына орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерді қысқарту үдерісінің ашықтығы мен тиімділігін бақылауды тапсырды.