Халық тілегі ескерілген жаңа Экологиялық кодекс қабылданды
Себебі бұл – халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін өте маңызды сала. Президент сауалнама кезінде азаматтарымыздың 48% ғана экологиялық жағдайға көңіліміз толады деп жауап бергенін тілге тиек етті.
«Осыған орай жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. Бұл – жұртшылықтың талап-тілегін ескеріп дайындалған жүйелі әрі кешенді құжат. Сондай-ақ кодекс озық халықаралық стандарттарға сай келеді. Экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға арналған тиімді бағдарламаларды жүзеге асырған жағдайда кәсіпорындар өндірістік қалдық үшін алынатын төлемнен босатылады. Үкімет және қоғам осы жұмыстың уақтылы және сапалы атқарылуын қатаң бақылауда ұстауға тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Толық ақпарат: Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді