Қ.Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Оның төрағасы болып Жанат Элиманов тағайындалды. Оны бүгін Мемлекет басшысы қабылдады.
Жанат Элиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа мекеменің алдағы жоспары жайлы баяндады. Президентке қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты. Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес шараларын әзірлеу тобының нормаларын іске асырудың екінші кезеңіне дайындық туралы ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жанат Элимановқа көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты күшейту, кәсіпкерлердің мүддесін қорғау мен олардың жұмысына жөнсіз араласуға жол бермеуді тапсырды.