Т. Донақов: судьяларды іріктеуде жаңа технология қолданылады
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақов мәлімдеді. Жиында еліміздегі сот корпусының жалпы ахуалы, былтыр атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар талқыланды. Президенттің Жолдауда және республикалық соттар съезінде берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа Кеңес жұмысына жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ елдегі жаңа құрылған әкімшілік соттарға сапалы мамандар іріктеу туралы тапсырма берді.