Мәжіліс депутаттары Бас прокуратурада көшпелі отырыс өткізді
Олардың тиімділігін арттыруда цифрлық технологиялардың ықпалы қандай? Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік, заңнама және сот-құқықтық реформа комитеттерінің депутаттары Бас прокуратурада көшпелі отырыс өткізіп, осы факторларға куә болды. Бас прокуратура өкілдері «Электрондық өтініштер», «Әкімшілік өндіріс пен тексеру нысандарының бірыңғай реестрі» секілді цифрлық жобаларды ұсынды. Бұл жобалар сыбайлас жемқорлықты азайтып, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, жеделдігін арттыруға бағытталған. Мәжілісмендер электрондық жүйелердің кәсіпкерлердің құқығы мен мүдделерін қорғаудағы маңыздылығын атап өтті.
Павел Казанцев, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары:
- Мәжіліс депутаттары азаматтарды қорғау, олардың өтініштерінің сапалы қаралуы, кәсіпкерлікті дамыту секілді мәселелерді әрдайым назарда ұстайды. Президент қатаң бақылайды, біздің заң шығару қызметімізге үнемі бастамашылық жасап, бағыт-бағдар беріп отырады. Мәжілісте азаматтардың құқығын қорғауға байланысты бірқатар құжат мақұлданды. Біз заңдардың қалай жұмыс істейтінін көрдік, жүйелі жоспар көп.