Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
Рахым Ошақбаев Президентке өзі басқарып отырған Қолданбалы зерттеулер орталығының жұмысы туралы баяндап, сараптамалық орталықтарды дамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты. Жаһандық ірі компаниялармен арадағы ынтымақтастық негізінде инвестиция тарту, ақша-несие саясатын жетілдіруге бағытталған ойымен бөлісті. Ал Atameken Business телеарнасының бас директоры Қанат Сахарияновпен кездесуде отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ақпараттық саясат саласын реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселелері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық масс-медианы қолдайтынын, елде контент сапасын арттырып, қазақ тілді БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажеттігін айтты.