Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады
«Сіздің пәрменді көшбасшылығыңыз бен саралы саясатыңыздың арқасында Түркия өзінің тұрақты дамуын жалғастырып, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуде, ықпалды аймақтық және халықаралық деңгейде мерейін үстем етуде мол табыстарға қол жеткізуде. Еліңіздің тың белестерді бағындыруына бағытталған маңызды бастамаларыңыз бен жоспарларыңыз лайым оңынан шығуына тілектестігімді білдіремін», – делінген жеделхатта.
Қазақстан Президенті Режеп Таиип Ердоғанның қос ел арасындағы ынтымақтастықты өркендетіп, стратегиялық әріптестікті нығайтуға қосан үлесін жоғары бағалады.