Елорда төрінде «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды. Qazaqstan Media Awards аясында өткен байқауға қазақстандық журналистер, редакциялар мен шығармашылық ұжымдардың үздік жұмыстары ұсынылған. Биыл байқаудың 12 аталымы бойынша, 600-ден астам журналист өтінім берген.
Құралай Жұмахан, тілші:
-Бұл байқау бұрынғыдан өзгерек. Биылғы бәйгеде алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» аталымы енгізілді. Бірқатар баспасөз, радио, интернет редакциялар мен журнадистер «Үркер» сыйлығын иеленсе, телевизия саласының жобалары мен мамандары «Тұмар» статуэткасын қолдарына алды. Жеңімпаздардың ішінде «Хабар» Агенттігінің қызметкерлері де бар. «24KZ» арнасының 4339 деректі фильмі «Үздік деректі жоба» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.