Президент Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады
- Категория: Саясат

Ақордада Kaspi.kz компаниясының мемлекеттік цифрландыру жобаларына қатысу мәселесі қаралды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев компания басшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдап, елдегі қолма-қол ақшасыз төлем көлемінің өсуін және қолданылу аясын талқылады. Әңгіме барысында ірі жаһандық инвесторлардың Қазақстанға қызығушылығы артқаны және бұған компания акцияларының Лондон қор биржасына ашық түрде орналастырылуы себеп болғаны атап өтілді.
Сондай-ақ кездесуде мемлекеттік органдар мен Kaspi.kz компаниясының бірлескен жұмыстары талқыланды.