Президент Михаил Мясниковичпен Еуразиялық экономикалық одақтың стратегиялық дамуын талқылады
Жиында Еуразиялық экономикалық одақтың стратегиялық дамуы талқыланды. Биыл Қазақстан бұл ұйымға төрағалық етеді. Сондықтан кездесуде еліміздің қай мәселеге басымдық беретіні туралы айтылды. Осы ретте Президент Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі келісімшартты толыққанды іске асыру маңыздылығына ерекше тоқталды.
Сонымен қатар алыс-берістегі кедергілерді жою мен одақ шеңберіндегі өндірістік серіктестік жайы да айтылды. Кездесу нәтижесінде Жоғары Кеңестің кезекті отырысын Қазақстанда мамыр айында өткізу туралы шешім қабылданды.