Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Н. Назарбаев Әсет Исекешевті қабылдады
«Біз ол отырыста маңызды мәселелерді талқыладық. Кеңестің аппараты жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын қатаң қадағалауы тиіс», – деді Елбасы. Сондай-ақ Елбасы отандық әскери-өнеркәсіптік кешенді дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл саладағы жағдай оны алаңдататынын да айтты. Өз кезегінде Әсет Исекешев Қауіпсіздік кеңесінің аппараты атқарып жатқан жұмыстар жайын кеңірек баяндап берді.
Әсет Исекешев, ҚР Президентінің көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы:
- Сіз жүктеген тапсырмалардың ірі блоктарын іске асыру бойынша іс-шаралардың жоспарын әзірлеп жатырмыз. Олар – әскери қауіпсіздік, сыртқы әрі экономикалық қауіпсіздік, аймақтық даму мәселелері. Кеңесте Сіз берген тапсырманың барлығы мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі негізгі құжаттармен түйіседі. Бұл – елдің 2025 жылға дейінгі даму жоспары. Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Мы провели заседание совета по очень серьезным вопросам. Утвердили стратегию, вокруг которого надо было поработать. Мы определили задачи, теперь надо следить аппарату за исполнением принятых решении. Вопросы безопасности внутри страны, экономическая безопасность, надо посмотреть экологическую безопасность. Второе, по вооруженным силам это очень серьезный вопрос. Меня вообще беспокоит положение, мы не развиваем собственный военно-промышленный комплекс. Пора думать о том что, создавать солидную базу военную промышленность в собственной стране.