Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Ж.Элимановты қабылдады
Оның екеуі трансұлттық топ. Бұл жайында Президенттің қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов айтты.
Бюджет қаржысын жымқыру деректері бойынша 125 қылмыстық іс қозғалған. Келтірілген шығын көлемі 14 миллиард теңгені құрап отыр. Президентке Агенттіктің қаржы пирамидаларына қарсы атқарып жатқан жұмысы да баяндалды.
Ведомство басшысының айтуынша, қазір күмәнді іс-әрекеттер бойынша 21 материал құқық қорғау органдарына жолданған. Дегенмен Жанат Элиманов былтыр тіркелген экономикалық қылмыстардың саны өткен жылдармен салыстырғанда алты есе азайғанын алға тартты. Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесін адал жүргізіп отырған кәсіпкерлердің қылмыстық қудалауға түсуіне жол бермеу қажеттігін айтып, агенттік төрағасына тағы бірқатар нақты тапсырма жүктеді.