Елбасы Н.Назарбаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Елбасы көңіл айту жеделхаттарын Әмірліктердің Президентіне және Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әміршісіне жолдады.
«Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның өмірден озғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Осы қаралы күнде қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Сіздерге және барша Әмірліктер халқына көңіл айтамын. Шейх Хамдан өз мемлекетінің гүлденуіне қосқан елеулі үлесі арқылы ел тарихында өшпес із қалдырған Отанының көрнекті перзенті. Сондықтан оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінен өшпес орын алатынына сенімдімін», – делінген жеделхатта.