Қ.Тоқаев Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактумның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті көңіл айту жеделхатын Әмірліктердің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әміршісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактумға жолдады.
«Қазақстан халқы да, ағаңыз Шейх Хамдан Әл Мактумды екіжақты қарым-қатынастардың нығаюына сүбелі еңбек сіңірген еліміздің нағыз досы, тілектес бауыры ретінде әрдайым есінде сақтайды. Жоғары мәртебелі Шейх Мұхаммед орны толмас ауыр қайғыңызға ортақтасып, бүкіл қазақстандықтар мен жеке өз атымнан Сізге және Әмірліктер халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, Әмірліктердің Қаржы және өнеркәсіп министрі, Шейх Хамдан бен Рашид Әл Мактум кеше Дубайда 75 жасында қайтыс болды.