Елбасы Қабдеш Жұмаділовтің отбасына көңіл айтты
«Қазақ прозасының Дарабозы» атанған Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қабдеш Жұмаділов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Нұрсұлтан Назарбаев марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
Елбасы көрнекті қаламгердің өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақ екенін жеткізді. «Қабдеш Жұмаділұлы қазақ әдебиетінің дамуына қомақты үлес қосқан аса талантты тұлға болды. Абзал азаматтың есімі мен жарқын бейнесі жұртшылық жадынан ешқашан ұмытылмайтынына сенемін», – делінген жеделхатта.